• Главная
  • Астанада 100-ден астам бақылаушы оқудан өтті
4 марта, 2016 12:08

Астанада 100-ден астам бақылаушы оқудан өтті

Астанада Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Астана қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен сайлау кезіндегі бақылаушыларға семинар-тренинг өткізілді.
Астанада 100-ден астам бақылаушы оқудан өтті

«Бүгінгі күні 100-ден астам бақылаушылар оқыту  курсын өтті. Астана қаласында 178 сайлау учаскесі бар және барлық учаскілерді сайлау күнінде бақылаушылармен қамтамасыз етеміз. Айта кететін жайт, бақылаушыларды іріктеу кезінде ешбір шектеушілік жоқ. Бізге зейнеткерлер де келіп жатады. Біз алдын-ала олармен сұхбаттасамыз. Егер адам өзінің азаматтық позициясын нақты түсінетін болса, өзіміздің штабымызға қосуға тырысамыз.  Алайда, бақылаушылар арасында жастардың көп болғаны қуантады және оларды қолдауға тырысудамыз. Өйткені еліміздің қоғамдық өмірінде бұл олардың бірінші жұмысы. Менің ойымша, бұл қазақстандық жастарға үлкен бастама», деп СБРҚК-ның Астаналық филиалының басшысы Арыстан Жұмағали айтты.

Спикер семинар-тренинг қатысушыларын қоғамдық бақылау институтының рөлі сайлауды ашық түрде өткізу екендігін баса айтты. Сонынмен қатар бақылаушылардың құқытары, міндеттері мен өкілеттіктері қарастырылды.