Қазалы ауданында мектеп жанынан жылыжай ашылды (ФОТО)

4 Наурыз, 2016 13:04
Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 орта мектеп жанынан жылыжай ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын кешен 1,7 миллион теңге қаржыға салынған. Мектеп оқушылары жылыжайда гүлдің түр-түрін өсіруде.

Негізгі мақсат оқушыларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу. Сондай-ақ, балалар мұнда гүл өсірудің әдістерін үйреніп, еңбек етуге үйренеді. Мұғалімдер де оқушылармен тығыз байланыста сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туып отыр.

“Бұл құптарлық бастама. Оқушылар ұжымды түрде еңбек етуге және табиғатпен тығыз байланыста болуға, мектеп жанын көркейтіп-көгалдандыруға өз үлестерін қосатын болады”, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Алдағы уақытта ауданда дәл осындай мектеп жанынан 4 жылыжай ашылатын болады.

Жалпы, бұл мектепте 661 оқушы білім алуда. Биыл 27 оқушы мектеп бітереді. Аймақ басшысы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты күшейте түсу қажеттігін айтты.

 

Барлық жаңалықтар