• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Шимомура: БҰҰ Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді

Н.Шимомура: БҰҰ Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді

4 Наурыз, 2016 12:19
БҰҰ-да Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«БҰҰ халықаралық ынтымақтастықта елдің рөлін арттыру үшін Қазақстанның жолы болып табылады. Менің ойымша, Қазақстан әлемнің дауына үлес қосуға тырысады. Мен болашағы зор бастамалар мен өткен жылғы ҚР Президентінің пікірлерін бақылаудамын. Оның барлығы әлемдік саясат пен экономикада аса маңызды ойыншы болу сынды жақсы ойларды көздеген. Мен Қазақстан сынды елдердің басқа елдерге көмек көрсетуі үшін БҰҰ-да аса маңызды рөл ойнағанын жақтаймын»,-деді ол.

Айта кетейік, 2016 жылдың 2 наурыз айында Қазақстанның БҰҰ-ның тұрақты мүшесі болғанына 24 жыл толды.

«Мен, БҰҰ-да жұмыс істейтін адам ретінде біздің елдің БҰҰ мүшелігінің 24 жылдығын атап өткеніне қуанамын. Әлем, оның ішінде Қазақстан, 24 жыл ішінде көптеген өзшерістерді бастан өткізді. Тәуелсіздікті алған күннен бастап Президент, Үкімет және халық үлкен жұмыс жасады. БҰҰ-ға күштірек болу үшін көмектесіп жатқан елдердің ішінде, Қазақстан басқа да елдерге көмек көрсетуге тырысуда. Осының барлығы 24 жыл ішіндегі өзгерістердің көрсеткіші болар»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 1992 жылы 2 наурыз айында Бас Ассамблея өзінің 46-шы сессиясы барысында күн тәртібінің 20 бекетін қарастырды, яғни КСРО-ның бұрынғы республикалары, тәуелсіз мемлекет болғандар – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджкстан, Молдава, Әзірбайжан, Армения және Сан-Марино Республикасы. Әрбір мемлекет үшін «Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мүшелеріне қабылдау» атты қаулы жобасы енгізілді. Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі  халықтың тәуелсіздік пен бостандыққа деген талпынысын білдірді. Әмбебап халықаралық форумның толыққанды мүшесі болып, республика толық халықаралық қатынастарда лайықты серіктес ретінде әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуға мүмкіндік алды.

Индира Қауметова

Фото twitter.com сайтынан

Барлық жаңалықтар