- Басты
- Жаңалықтар
- 4 -19 наурыз аралығында қазақстандықтар есептен шығару куәлігін ала алады - ОСК
4 -19 наурыз аралығында қазақстандықтар есептен шығару куәлігін ала алады - ОСК
“4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдері танысу үшін учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында ұсынылады, әрбір сайлаушы дауыс беру күніне дейін және сайлау күні өзі туралы деректерді тексере алады.Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын (мекенжай анықтамасы) құжаттармен келіп, сайлаушылар тізімімен мұқият танысуы қажет”, - деді Л.Сүлеймен.
Оның айтуынша, сайлаушының тегі тізімде болмаған немесе ол өзі туралы деректерде дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, сайлаушы аталған құжаттардың негізінде тізімге енгізуді немесе қажетті түзетулерді енгізуді талап ете алады.
Сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығару не сайлаушылар тізімдерінде түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды учаскелік сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды.
Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Бұл шешімге сайлаушы сотта шағымдана алады.
“Қазақстан Республикасының аумағында өзінің елді мекенінен тысқары шыққан жағдайда, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі сайлаушыға дауыс беру мүмкіндігін береді.Ол сайлаушыға не оның өкіліне сенімхат бойынша жазбаша өтініш негізінде 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағ.18:00-ге дейінгі кезеңде беріледі”, - деді Л.Сүлеймен.
Сондай-ақ, есептен шығару куәлігін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі сайлаушының тілегі бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырады.Бұл ретте учаскелік сайлау комиссиясының есептен шығару куәлігін берген мүшесі сайлаушылар тізіміндегі өзінің тегінің тұсында «ескерту» деген бағанда есептен шығару куәлігінің берілгені туралы, оның бес таңбалы сериялы нөмірін, берілген күнін жазбаша енгізіп, өзінің қолын қоюы тиіс.
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»