- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК 133 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
ОСК 133 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
“2016 жылғы 4 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.Осы қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша бір халықаралық ұйымнан және бір шет мемлекеттен тағы 133 байқаушыны аккредиттеді”, - деді ОСК мүшесі Т.Охлопкова.
Оның айтуынша, олардың ішінде: 130 байқаушы – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан және 3 байқаушы – Корея Республикасынан.
“Осылайша, 2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және тоғыз шет мемлекеттен 308 байқаушыны аккредиттеді”, - деді ол.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша 28 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 116 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 46-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекітті.
Ботагөз Айтжанова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді -
Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов
-
Қ.Тоқаев: Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды -
ОСК: Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды -
Шетелдіктер Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн ала алады -
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті