- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның денсаулық сақтау саласында диагностикалық және ауруды емдеу инновациялық технологиясы енгізілуде
ШҚО-ның денсаулық сақтау саласында диагностикалық және ауруды емдеу инновациялық технологиясы енгізілуде
Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша, аймақта онкологиялық сырқатпен ауыратындар 6,8%, жаңа туға нәрестелердің шетінеуі 9.7%, қан айналым жүйесімен ауыратындардың өлімі 3,8% -ға төмендеген деді, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников.
Сондай-ақ, ол Шығыс Қазақстан облысында ауруды анықтау мен емдеуге инновациялық технология белсенді енгізіліп жатқанын атап өтті.
«2015 жылы 1300 адам облыстан ешқайда бармай-ақ жоғары мамандандырылған көмек алды және 340 адамның жүрегіне ота жасалды»,-деп хабарлады ол.
Медициналық көмектің сапалы әрі қолжетімді болуы үшін Диагностика орталығында арнайы Call-орталық жұмыс істейді.
2015 жылы 10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілген. Олардың қатарында облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы оңалту орталығы, Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасы мен шұғыл медициналық көмек көрсету нысаны және 7 ауылдық дәрігерлік-амбулатория бар.
Облыста радиологиялық кластер құрылады. Онда барлық сатыдағы онкологиялық ауруларға диагноз қою мен емдеуге дейінгі кезеңдерді жүзеге асыратын медициналық мекемелер бірігетін болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар