- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрында аруларға арналған «Ғашықтық сезімін білдіру» кеші өтеді (ФОТО)
«Астана Опера» театрында аруларға арналған «Ғашықтық сезімін білдіру» кеші өтеді (ФОТО)
Симфониялық оркестрдің шебер музыканттары, ерекше хор құрамы, балалар студиясының жас әртістері, опера және балет өнерінің үздік шеберлері аруларға деген махаббат сезімін елордалық сахнамыздан білдіреді.
Көрермендерді атақты тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, сонымен қатар театрымыздың опера жұлдыздары: Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Жәмилә Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Салтанат Мұратбекова, Бейімбет Таңарықов, Болат Есімханов, Нарұл Тойкенов, Галина Чеплакова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Елена Ганжа, Қазбек Досмұхамбетов, Мәдина Исламова сияқты әртістеріміз өнерлерімен таңқалдырады.
Тыңдаушылардың назарына опера классикасының көрнекті шығармалары: Л.Делибтің «Лакме» операсынан Лакме мен Маликаның нәзік «Цветочный» дуэті, Ж. Бизенің «Кармен» операсынан қызу қанды тореадор Эскамильоның шумақтары, П. Чайковскийдің «Иоланта» операсынан Робертоның ариясы, Р. Штраустың «Серенада», С.Гастольдонидің «Тыйым салынған әуен», Естайдың «Құсни-Қорлан», көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері - «Ақбақай», «Вдоль по Питерской» және басқалары.
Опера нөмірлерінің кезегіне ұлттық нақышта дайындалған балет өнері келеді: ұлттық нақыштағы билер, заманауи хореографиялық нөмірлер, классикалық балет жауһарларынан дарынды әртістеріміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина, Досжан Табылды, Жәнібек Иманқұлов, Бостан Қожабеков, Нәзира Заетова және тағы басқаларының орындауында сахналық көріністер қойылады. Дирижерлар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов пен Арман Оразғалиев. «Астана Опера» театрының режиссері Наталья Кагадий осы салтанатты кеште классикалық өнер табынушыларын шығармашылық ұжымның тағыда қандай өнерлерімен қуантатынын айтып өтті.
“Осы бір тамаша мерекелік кеште біз толғанарлық тосын сыйлармен бірге музыкалық тұсаукесерлер дайындап отырмыз, көптеген шығармалар жаңаша түрде орындалатынын болады. Сонымен қатар көрермендерді оперетта музыкасы да күтуде. Жалпы, біз классикалық академиялық концерт үлгісінен сәл алшақтаймыз – бұл жан-дүние, көңіл-күйді баурап алатын, өте әдемі көрініс, музыкалық феерия болмақ”, - деп атап өтті Наталья Кагадий.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті