- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Африка Одағында бақылаушы мәртебесіне қол жеткізді- СІМ
Қазақстан Африка Одағында бақылаушы мәртебесіне қол жеткізді- СІМ
Ағымдағы жылдың 14 қарашада Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) еліміздің Египеттегі Елшісі Берік Арынның Африка Одағы Комиссиясының Төрағасы Нкосазана Дламини Зума ханыммен кездесуі өтті. Оның барысында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Елші Б.Арынды Қазақстанның Афроодақтағы Тұрақты өкілі мансабына тағайындау жөніндегі хаты табыс етілді. Сонымен қатар, Афроодақтың регламентіне сәйкес, Елшінің тіркелуіне орай Қазақстан аталмыш беделді халықаралық ұйымда бақылаушы мәртебесіне қол жеткізді. Еліміздің тиісті өтінімі АО Комиссиясына үстіміздегі жылғы мамыр айында жолданған болатын», - деп хабарламада нақтыланған.
Бұл беделді аймақтық институтта бақылаушы мәртебесін алу Қазақстанға Африка мемлекеттерімен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және еліміздің халықаралық аренада сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуде географиясын кеңейту тұрғысында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан дипломатымен кездесу барысында Афроодақ Комиссиясының басшысы Н.Д.Зума ханым Президент Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшылығымен айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның Африка Одағына бақылаушы ретінде қабылдануы құрылық мемлекеттерінің Астанамен өзара іс-қимылдарын белсендіруге кең көкжиек ашатынын және Африка мен Орталық Азия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың қалыптасуына септігін тигізетінін атап өтті.
Айта кетерлігі, 70-тен астам мемлекет пен халықаралық ұйым Африка Одағында бақылаушы мәртебесіне ие. Олардың қатарында - Ресей, АҚШ, Қытай және Жапония, сондай-ақ Еуропалық Одақ, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық Қызыл крест комитеті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар