- Басты
- Жаңалықтар
- Далалық жағдайда алғаш рет мина-іздестіру иттері сыналды (ФОТО)
Далалық жағдайда алғаш рет мина-іздестіру иттері сыналды (ФОТО)
«Бізде бельгиялық, неміс овчаркалары, лабрадор іспетті әртүрлі тұқымды 7 ит бар. Далалық сынама қорытындысы бойынша мина-іздестіру иттерін қолдану және Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде мина-іздестіру қызметін құру туралы шешім қаралады», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов атап өтті.
Оның айтуы бойынша, бүгін Қазақстанның Құрлық әскерлерінде дәл мина-іздестіру мамандығындағы қызметтік иттерге қажеттілік туындауда. Бұл иттер мина-жару қоршауларын барлау және онда өтулерді жасау, елді мекендерде, теміржол және автомобильді жолдарда объектілерді минасыздандыру, жарылғыш заттардың зарядтарының болуына объектілер мен көлікті тексеру үшін арналған. Кинолог әскери қызметшілердің айтуынша, итпен байланыс орнату аса маңызды.
Ол көңіл-күйді бірден сезеді, әрқашан адалдықпен жауап береді. Мина-іздестіру қызметіне сабырлы мінезді иттер таңдалады. Оқыту кезінде жарылғыш құрылғылардың елестету құралдары, сондай-ақ томаға керек-жарағы, ұзын шылбырлар, арнайы киім қолданылады. Итті дайындау, демалдыру және баптау ережелері мұқият сақталады. Итке белгілі бір тамақтану рационы тиесілі, ай сайын арнайы медициналық тексеру жүргізіледі, иттерге екпе егіледі.
«Акира есімді қызметтік итпен мен екі айлығынан бастап жұмыс жасап жүрмін. Ең басында жалпы үйрету курстары болды. Одан кейін жарылғыш заттардың болуына оқыту өткізілді. Итті азық-түлікті иіскеп білу әдісімен оқыттым. Кейіннен біртіндеп ойыншықтар, доптар арқылы ойын түріне көштім. Әрі қарай иттің жұмысын жарылғыш заттарды алмастырғыштармен жетілдіре түстім», - дейді инженерлік-саперлік полктің әскери қызметшісі сержант Сәрсенбек Оразаев.
Аталмыш мина-іздестіру иттерін дайындау екі жыл бойы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бірнеше бөлімдерінде жүргізілді. Кинологтардың немесе қызметтік иттердің бапкерлері алдын ала ҚР ҚК Әскери полиция, Шекара қызметі және Ұлттық ұлан органдарының мамандандырылған кинологиялық орталықтарында білімдерін шыңдады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты