• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев пен ТМЫК бас хатшысы Р.Гасанов «Заманауи Жібек жолы» туристік өнімін дамытуды талқылады

Ә.Исекешев пен ТМЫК бас хатшысы Р.Гасанов «Заманауи Жібек жолы» туристік өнімін дамытуды талқылады

4 Наурыз, 2016 10:03
ҚР ИДМ министрі Әсет Исекешев пен Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов Қазақстан аумағы арқылы өтетін Алматы – Шымкент – Түркістан – Тараз бағытындағы «Заманауи Жібек жолы» заманауи туристік өнімін дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Сонымен қатар, тараптар Ақтау портын одан әрі дамыту бойынша мәселелерді қозғап, ынтымақтастықтың басты бағыттарының ішінде көлік, транзит, туризм және медианы атап өтті.

Кездесудің қорытындысында тараптар ТМЫК елдері арасындағы жалпы саяси және экономикалық жағдайларға тоқталып, Кеңес шеңберіндегі барлық сұрақтар бойынша конструктивті диалогты қолдауға келісті.     

Айта кетейік,  2014 жылы  Қазақстан "Түркі кеңесі": Заманауи жібек жолы" туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болды. Мұндай шешім түркі тілдес елдердің туризм саласындағы әріптестік кеңесінің жұмыс тобының екінші кездесуінде қабылданды. Қазіргі уақытта Жібек Жолы бойында этномәдени және экологиялық туризмді дамытуға бейімделген бірлескен туристік маршруттар бекітілді.

 

Барлық жаңалықтар