ЕЭК 2019 жылға дейін ағаш материалдар үшін баждың нөлдік төлемін ұзартты

4 Наурыз, 2016 10:19
Еуразия экономикалық комиссиясының коллегиясы ағаш бойынша импорттық кедендік баждар мен тропикалық ағаш түрлерінен қалындығы 1 мм аспайтын макоре, анергии, кото, ипе, имбайи, тика, цедро қаптау беттеріне нөлдік төлемді ұзату туралы шешімді қабылдады.

«Баждың нөлдік төлемі 2019 жылдың мамыр айына дейін істейтін болады. Біздің ойымызша ЕАЭО елдеріндегі экономикалық дағдарыстың жағдайы кезінде жеңілдік мөлшерлемесін ұзарту жиһаз өндірушілерге шикізатты сатып алу құнын көтеруге мүмкіндік бермеуге көмектеседі. Оның қорытындысында бұл шара  ЕАЭО елдерінде шығарылатын жиһаз бағасының бәсекеге қабілеттілігін сақтауы тиіс»,-деді ЕЭК сауда министрі Вероника Никишина.

Қазіргі күні осындай ағаш материалдарына баждың нөлдік төлемі әрекет етеді, деп ЕЭК баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, ЕЭК коллегиясы барысында 2021 жылдың соңына дейін қуаттылығы 50,000 кВт-тен 5000 кВт-қа дейін баратын газ турбиналары үшін шеттен әкелінген кеденнің баждың нөлдік төлемін ұзатру шешімі қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар