- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік Ел» пойызы БҚО Ақсай қаласына аялдады
«Мәңгілік Ел» пойызы БҚО Ақсай қаласына аялдады
«Мәңгілік Ел» акциясының қатысушылары Ақсай қаласында 18 аялдамаға тоқтап, өздерінің кеңестері мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚХА мен «Азаматтық альянс» өкілдері «Бұрлы ауданында Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл: тәжірибе мен даму» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Онда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ауданда атқарып жатқан қызметтерін айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Жас дарын» Қоғамдық қорының директоры Татьяна Ищенко өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жасап жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қор тегін оқытатын бірнеше өнер мектептерін ашқан. Ол жерде мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің бойындағы өнерлерін ұштауға, қолдарынан келетін дүниелерін жасауларына мүмкіндіктер қарастырылған.
«Біз жұмысымызды жүргізу үшін жергілікті бизнес-қоғамдастықты тартамыз және мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарға қатысамыз. Қазір қордың өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін комерциялық жобаларды қолға алдық»,-дейді Татьяна Ищенко.
ҚХА мен «Азаматтық альянс» өкілдері қордың қолға алған жобаларын қуаттап, оны сәтті жүзеге асыруларына тілектестіктерін білдірді.
«Мәңгілік Ел» пойызындағы дәрігер мамандар аудандық ауруханада пациенттерге кеңес берді.
«Біздің аудандық аурухана дәл осындай ауқымды республикалық акцияны бірінші рет қабылдап отырған жоқ. Сондықтан біз келген дәрігер мамандар үшін күрделі әрі диагнозы анықталмаған сырқат адамдарды көрсетіп алайық деп арнайы дайындап қойдық. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына Астана мен Алматыдан дәрігерлер келеді, деп хабарландырған болатынбыз»,-дейді Бұрлы аудынындағы орталық аурухананың директоры Мақсұт Байшеркешев.
-
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
БҚО-ның дамуы: Инвестиция, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындары және білім саласындағы мәселелер -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
БҚО-да қосымша уақытша шектеулер енгізілді -
Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды -
“Белавиа" әуе компаниясы Қазақстанның бірнеше қаласына рейстер ашады -
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты -
Қ.Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды -
Бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин -
Жастар жылы: «Жасыл ел» бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған -
Б. Сағынтаев БҚО-ның өнеркәсіптік нысандарын аралады -
Депутаттар БҚО-ның жергілікті тұрғындарымен ауылдық аудандардың дамуын талқылады -
БҚО-да мәжілісмендер өңірдің проблемаларын талқылады