- Басты
- Жаңалықтар
- Арал ауданында балық өңдеу зауыты ашылды (ФОТО)
Арал ауданында балық өңдеу зауыты ашылды (ФОТО)
Мұнда 50-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыттың жұмысымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысып, балықшылармен кездесті. Жалпы Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.
Цехтың материалдық техникалық базасы - қатырылған балықты 300 тоннаға дейін сақтай алады. Ал, балықты тез қатыратын мұздатқыш құрылғысы тәулігіне 50 тоннаға дейін қабылдайды. Айта кетейік, сервистік кешен құрылысы жеке құрылтайшылардың қаржысы есебінен салынған.
«Соңғы жылдары облыстағы балық шаруашылығы тез дамып, аймақ экономикасының салмақты бөлігіне айналып келеді. Өткен 3 жылда балық аулау 2 мың тоннаға немесе 30 пайызға көбейді. Бұл Кіші Арал жобасының алғашқы кезеңі сәтті аяқталуымен тығыз байланысты. Енді біз балықты тек аулап қана қоймай оны өңдеуді дамыту қажет. Соның нәтижесінде сыртқы нарыққа тек өңделген өнім шығаратын боламыз», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Өткен жылдың өзінде облыста 8,4 мың тонна балық ауланды.Соңғы екі жылда балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға, оның ішінде Евроодақ елдеріне – 2 есеге өсті. 2015 жылы құны 4,6 млн. АҚШ долларын құрайтын 867 тонна балық Европа елдеріне және құны 202 мың АҚШ долларын болатын 920 тонна өнім Ресейге жөнелтілген.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі