Жамбыл облысында қант өндірісі 2,3 есеге артты

4 Наурыз, 2016 08:37
Жамбыл облысында қант өндірісі 2,3 есеге артты, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.

2016 жылғы қаңтарда облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 28889,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты индексі 2015 жылғы сәйкес кезеңге 101,2%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің 8%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  2296,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Саладағы нақты көлем индексі - 102,3%. Нақты көлем индексінің өсуі алтын құрамдас руданы өндіру көлемінің 18,5% артуына («АК Алтыналмас» АҚ Ақбақай ф-лы, «Central Asia gold corp» ЖШС); ұнтақталған фосфат шикізаты – 56,3%-ға («Казфосфат» ЖШС филиалдары «Қаратау и «Шолақтау» (тау-кен өңдейтін комплекстері) ТӨК) байланысты орын алды.    

Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінің 70,6% үлесін алады. Өңдеу өнеркәсібі  20411,9 млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 104,9%-ды құрады.

Қант өндірісі 2,3 есеге артты («Центральноазиатская сахарная корпорация» ЖШС филиалдары Меркі және Тараз қант зауыттары), фосфор –  6,3%-ға өсті («Казфосфат НДФЗ» ЖШС Жамбыл филиалы); алтын – 55,7%-ға артты («АК Алтыналмас» АҚ, «Central Asia gold production» ЖШС).

Электрмен жабдықтау, газ, бу жеткізу және ауаны баптау кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 20,7%-ын құрап, 5973,4 млн. теңгенің өнімін өндірді. 2015 жылғы қаңтардың деңгейіне нақты көлем индексі 90,3%-ды құрады. Салада электр қуатын өндіру 31%-ға кеміді (негізінен «ЖГРЭС» АҚ есебінен).

Барлық жаңалықтар