- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның барлық квазимемлекеттік секторы мен меморгандарында жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі
ҚР-ның барлық квазимемлекеттік секторы мен меморгандарында жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі
«Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңында сәйкес құзыретті орган, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мекемелерінің қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізеді. Президент тапсырмасына орай, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының барлық компанияларында, ұйымдарда осындай талдау жүргізіледі. Жемқорлық тәуекелдер талдауын жүргізудің мақсаты аталмыш ұйымдардың функционалдық, нормативтік-құқықтық қызметінде жемқорлық тәуекелдерге алып келуі мүмкін мәселелерді анықтап, олар үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Олар осы ұсынымдар негізінде заңнамалық немесе функционалдық деңгейде өзгерістер енгізіп, кадрлық саясатына түзетулер енгізе алады», - дейді Бауыржан Жаубасов.+
Оның айтуынша, қазіргі уақытта талдау жүргізілетін ұйымдардың тізімі жасалып жатыр.
«Бұл қандай да бір тексеріс емес, керісінше осы ұйымдарға көмек болады. Біз жемқорлыққа жол берілуі мүмкін түйіткілді мәселелерді анықтаймыз. Айталық, осы жұмыстың арқасында мемлекеттік қызметтер көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу барысындағы тәуекелдер белгілі болады. Яғни, біз квазимемлекеттік секторға, мемлекеттік органдарға жағдайды түзетуге, олардың тиімді жұмысына, бюджеттік қаражаттың оңтайлы жұмсалуына, кадрлық саясатты тиімді жүргізуіне ықпал етеміз.Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңында құзыретті органның осындай функциясы белгіленген. Бүгін біз жер қатынастары бойынша құзыретті органның қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқыладық», - деп атап өтті Б.Жаубасов.
Жемқорлық тәуекелдерді талдау қорытындысы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырыстарында қарастырылатын болады.
Айта кетейік, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады