• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Жамбыл облысы бойынша инвестициялық жобалар тізіміне 46 жоба енгізілді

ИИДМБ: Жамбыл облысы бойынша инвестициялық жобалар тізіміне 46 жоба енгізілді

3 Наурыз, 2016 19:31
Жамбыл облысы бойынша инвестициялық жобалар тізіміне 46 жоба енгізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

2016 жылғы қаңтарда негізгі қорға салынған инвестициялар көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 6,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 150,1%-ды құрады. Көлемнің өсуі «Азиатский газопровод» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының құрылысына инвестиция салу есебінен болды.

Негізгі қорға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 51%-ы (3,3 млрд. теңгесі) «көлік және қоймалау» саласына берілді.

ҚР 2010-2014 жылдарға және 2015-2019 жылдардағы Қазақстанның Индустриализациялау Картасына енгізілген Жамбыл облысы бойынша инвестициялық жобалар тізіміне 46 жоба енгізілді. Соңғы уақытта 25 жоба жүзеге асырылды, ал қалғандары келесі жылдары іске қосылатындар.

 

    

Барлық жаңалықтар