• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 326,9 млн теңге бөлінді

Павлодар облысында сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 326,9 млн теңге бөлінді

3 Наурыз, 2016 18:52
Павлодар облысында сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 326,9 млн теңге бөлінді, деді Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Әйткенов.

«Ағымдағы жылы сүт өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындардың сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүт өндірісіне қажетті сүтті сатып алуға жұмсалған шығындарының орнын толтыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасады. Осы мақсатта жалпы сомасы 326,9 млн. теңгені құрайтын субсидиялар қарастырылды», - деп атап өтті.

Инвестициялық субсидиялау мақсаттарына 1043 млн. теңге қарастырылған.

Сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау, тері және жүнді бастапқы өңдеу бойынша нысандар салу мен кеңейту барысында ауыл шаруашылығы саласының тауар өндірушілеріне жұмсалған шығындардың 30%-ы қайтарылады.

 

 

Барлық жаңалықтар