- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД миссиясы 10 наурыздан кейін сайлауды бақылау туралы алдын ала есепті жариялайды
ТМД миссиясы 10 наурыздан кейін сайлауды бақылау туралы алдын ала есепті жариялайды
Сайлауды бақылау жұмыстары сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді арттыра түседі. Халықаралық сайлау әлемдік деңгейде кеңейтілген мәртебеге ие және сайлау үрдістерін ұйымдастыруда үлкен нәтижеге ие.
«Халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлау үрдісінің беделін арттыра түседі. Ашықтықтың кепілдігі болып табылады», - деді Орталық комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев.
1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан 8830 халықаралық бақылаушы мен шетелдік БАҚ үшін жағдай жасады.
«Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлауын бақылау үшін Достастық атынан Бақылаушылар миссиясы үшін мониторинг жасауға барлық жағдай жасалған. Бұл сайлау науқанының ашықтығының дәлелі. Бүгінгі күнге дейін ТМД атынан 111 бақылаушы тіркелген, тіркелуі тиіс 130 құжат Орталық сайлау комиссиясында жатыр. Осылайша, миссия құрамында ТМД елдерінен 240-тан астам бақылаушы болады», - дейді Е.Слобода.
ОСК мүшесінің айтуынша, миссия құрамында сондай-ақ, Достастыққа мүше мемлекеттер парламентаралық ассамблеясының, Ресей және Беларусь одағы парламенттік жиналысының және Достастықтың атқарушы комитетінің ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының өкілдері болады.
«Келушілердің қорытындысы бойынша комиссиялар қажетті заңнамалық актілермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, әдістемелік жәрдемақылар мен материалдар бар. ОСК таңдаған әрбір категория үшін анықтамалық материалдар дайындалды. Осы бағытта жоғары дәрежедегі жұмыстар жүргізілуде», - деді Е.Слобода.
Сондай-ақ, миссия осы жылдың 10 наурызында сайлауды бақылау туралы алдын ала есепті жариялауды жоспарлауда.
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады