- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Абақанов: ҚР-да техникалық шешімдерді енгізудің арқасында энергия тұтынуды 70%-ға азайтуға болады
Е.Абақанов: ҚР-да техникалық шешімдерді енгізудің арқасында энергия тұтынуды 70%-ға азайтуға болады
«Бүгін Қазақстанның экономикасы үлкен электр қуатын үнемдеу шамасына ие және техникалық шешімдерді енгізудің арқасында энергия тұтынуды 30%-дан 70%-ға азайтуға болады. Соңғы жылдары елімізде энергияны үнемдеу және энергияны тиімділігін мемлекеттік саясат саласында жүзеге асыру белсенді іске асырылуда, нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттар жасалды, энергетикалық аудиттер жүргізіліп, энергетикалық менеджмент жүйесі енгізілді. Мемлекеттік энергетикалық реестр есебінен жаппай энергияны қолдану бойынша жеті мыңдай кәсіпорындарға есеп жүргізілуде»,-деді Е.Абақанов.
Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспарының 59 қадамында энергияның сервистік келісімшарттары үшін халықаралық танылған тетіктер арқылы энергияны үнемдеу саласындағы стратегиялық инвесторларды тарту тапсырмалары қарастырылған. Олардың негізгі міндеті: өз шығындарын өтеу барысында энергияны үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсетуге жеке энергияның сервистік компаниялардың дамуын ынталандыру және іс жүзінде қол жеткізілген энергияны үнемдеуде қаржыны алу.
«Энергетикалық қызмет көрсету туралы келісім принципі- инвестор тиімділік алушымен келісім-шарт жасасады (мысалы, әлеуметтік нысан), оның аясында капиталдағы энергия үнемдейтін жабдықтарды орнатады. Жинақ сомасының есебінен пайда алады. Жоғарыда айтылған механизмді енгізу еліміздің экономикасы мен инвестицияларының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,-деді ол.
Е.Абақанов қазіргі кезде энергия үнемдеудің әлеуеті қисық болуда, сол себепті экономиканың жаңартылуына көп жұмыс жасау керектігін айтып өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады