Жамбыл облысында 3 ірі өсімтал бақтың құрылысы жоспарлануда

15 Қараша, 2013 18:02
Жамбыл облысында 2020 дейінгі мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 ірі өсімтал бақтың құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысында ауыл шаруашылықты дамыту мақсатында 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама аясында 14 мастер-жоспар дайындалды. Айта кету керек, аталмыш жоба бойынша облыста 3 ірі өсімтал бақтың құрылысы қолға алынбақ», - делінген хабарламада.

Атап айтатын болсақ, олардың 7-еуі жануар өсіру шаруашылығына және 5-еуі өсімдік шаруашылығына арналған.

Мұнымен қатар келер жылдан бастап сүтті тұқымды мал басы саны көбейтілмек. Енді ауыл әкімдері мен шаруалар аталмыш жоспар бойынша жүйелі жұмыс істеуге мүдделі.

Хабарламада айтылғандай, облыс әкімі Мұратбай Жолдасбаев Байзақ ауданы Сарыкемер ауылына келіп «Агробизнес-2020» бағдарламасын түсіндірді. Бұл бағдарламаның 2013-2020 жылдарға арналған ауылшаруашылық саласын дамытуға арналған бағдарлама екені айтылды.

«Мемлекет тарапынан осы мақсатта 3 трлн теңге бөлінді. Жаңа жоба ауыл шаруашылығының дамуына қарқын береді. Қазіргі таңда агроқұрылым 163 шаруашылықтың басын біріктіріп отыр. Алайда нәтижені әлі көре алмаудамыз. Басты себеп әр шаруашылықтың өзінше жұмыс істеуінде, сол үшін де олар мемлекеттен көмек ала алмайды. Шаруашылықты нығайту барлығына да оң нәтиже алып келмей ме?», - делінген хабарламада.

Осындай жиын Жамбыл ауданында да өткізілді. Мұнда да облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасов ауылшаруашылығын дамытуды көздеген мемлекеттік қолдау төңірегінде көп әңгіме өрбітті және өңірлік 2 300 шаруашылықты біріктіру керектігін айтты.

Барлық жаңалықтар