Астанада біртұтастық пен бірлікті дамыту мәселелері талқыланды

3 Наурыз, 2016 16:01
Астанада ҚР Тұңғыш Президентi - Елбасының кiтапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр.

Отырысты ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА ҒСК төрағасы Ералы Тоғжанов "Болашағы бiртұтас ұлт" реформасының шеңберiнде төрт заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенiн, ҚР-ның Қайырымдылық туралы» арнайы заңы, Мемлекет басшысының 5 жарлығы қабылданғанын, Мемлекеттiк хатшының 9 өкiмiне, Үкiметтiң 12 қаулысы мен Премьер-министрлiң өкiмдерiне, бiрнеше iс-шаралар жоспарлары мен жол карталарына қол қойылғанын айтып өттi.

Е.Тоғжанов «Мәңгiлiк ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негiзiнде Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайту Қазақстан халқсы Ассамблеясының басты мiндетi болып табылады. Бұл ҚХА туралы Заңмен бекiтiлген» деп атап көрсеттi. 

ҚХА ҒСК төрағасы, сондай-ақ Алғыс айту күнiн мерекелеудiң қазақстандық бiрегейлiктi нығайтудағы мәнiне назар аударды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күнi деп жарияланды. Ұлттық күнтiзбеде бұл датаның пайда болуының терең мәнi бар. Бейбiтшiлiктiң, достық пен келiсiмнiң құндылықтары Қазақстан халқының тарихи тағдырымен үндесiп отыр», - дедi Ералы Тоғжанов.
Iс-шара барысында бiрқатар баяндама оқылып, өзектi мәселелер талқыланды. 

Барлық жаңалықтар