Қазақстандық әскери химиктер Армия ойындарына қатысады (ФОТО)

3 Наурыз, 2016 20:04
Осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясының аумағында өткізілетін Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінде алдағы ойындарға қызу дайындық жүруде. Әскери бөлімдерде Қазақстанда өткізілетін турларға қатысу үшін экипаждар іріктелді.

 Жылдамдық, дене төзімділігі, дәл оқ ату бойынша ұдайы жаттықтырулар өткізілуде. Байқаудың әрбір қатысушысы конкурстың өткізілуі, бұзушылық жасағаны үшін айыппұл ұпайларын алу шарттары туралы ережені жаттап алды, механик-жүргізушілер материалдық бөлік пен техниканың анағұрлым ықтимал ақаулықтарын жоюды зерделейді.  Қатысушылардың жеке бағаларын есепке алу ұдайы жүргізіліп, сол немесе өзге де жаттығуды орындаудың уақытша көрсеткіштерін жақсарту жөнінде жаттықтырулар өткізіліп тұрады. «Байқауға деген серпіліс керемет.

 ҚР ҚК РХБ қорғау әскерлерінің барлық бөлімшелері бақ сынасу рухын орап әкетті. Командамызға халықаралық аренада өздерінің шеберліктерін көрсетіп, өзге елдің РХБ қорғау әскерлерінің үздік мамандарымен кездесуге тура келеді», – дейді әскери қызметшілер. 2015 жылы алғашқы Армия халықаралық ойындары өткенін айта кетейік. 

 Оның шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2015» радиациялық, химиялық және биологиялық барлау сайысы өтті. Жарысқа Ресей, Белоруссия және Қытай әскери қызметшілерінен құралған үш команда қатысты. Биылғы жылы Армия халықаралық ойындарының серпіні одан да ауқымды болмақ. Байқаудың тізімі 23-ке дейін ұлғайды, ал кейбір сайыстар Қазақстанда да өтеді. «Қауіпсіз орта – 2016» байқауы бірқатар елдердің РХБ қорғау әскерлерінің үздік өкілдерінің басын біріктіреді.

 

Барлық жаңалықтар