• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК-те азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде ФАО-мен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

ЕЭК-те азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде ФАО-мен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

3 Наурыз, 2016 20:56
Еуразиялық-экономикалық алқа комиссиясының отырысында агроөнеркәсіп саясат Департаментінің директоры Станислав Бубен ЕуразЭкономикалық комиссиясы мен азық-түлік және ауыл шаруашылық жөнінде БҰҰ арасындағы меморандум бойынша 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының осы жылы атқарылатын жұмыстарына тоқталды.

Комиссияның ФАО-мен белсенді жұмыс жасап келе жатқаны айтылды. Мұндағы негізгі мақсат – ЕАЭО пен ФАО елдерінің бірлескен жобаларды жүйелі жүзеге асыру. Айталық, ауыл шаруашылығын дамыту үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бар.

«2015 эжылы ЕЭК мен ФАО халықаралық сарапшылардың қатысуымен 18 ортақ  шара өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперативтік үрдістер, өсімдік шаруашылығы мен өсімдіктерді қорғау мәселелері қарастырылды»,-делінген хабарламада.

С.Бубеннің атап өтуінше, бірлескен конференцияның, консультативтік кездесулердің және халықаралық семинарлардың  қорытынды материалдары бойынша бірқатар құжаттар әзірленді. Онда ауылшаруашылық өсімдіктері туралы келісім, біріккен фитосанитарлық талаптар, карантиндік фитосанитарлық шараларды зертханалармен қамтамасыз ету сияқты бірқатар құжаттар бар.

Барлық жаңалықтар