- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды
Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды
Бұл биыл өткізіліп отырған алғашқы бос орындар жәрмеңкесі. Онда «Целингидромаш» ӨК, «2Day Telecom» ЖШС, «ПИК «Ютария LTD» ЖШС, «Монолит» ЖШС, «СМЭУ Астана» ЖШС, «Rixos President Astana» қонақ үйі, «Цеснабанк» АҚ, «Алма ТВ» ЖШС, «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Uniserv» ЖШС, ҚР ІІМ Астана қаласының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» және т.б. ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынды.
«Биыл он бос орындар жәрмеңкесін өткізу көзделген. Тиісті шаралардың нәтижесі бар. Бұл жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы. Бір сағаттың ішінде 20 жұмыс берушімен әңгімелесуге болады, бір күннің ішінде жұмыс берушілер жүздеген түйіндеме жинайды. Бұл ыңғайлы. Біз жай жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші үшін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алаң ұсынамыз», – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Бүгін елордалық жұмыс берушілер білім, денсаулық сақтау, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды, сондай-ақ техникалық мамандарды да жұмысқа шақырды.
Еске салайық, өткен жылы елордалық Жұмыспен қамту орталығы 13 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырған, соның нәтижесінде 6 мыңға жуық қала тұрғыны жұмысқа орналаса алды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары