- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында апатты мектептер мәселесі шешімін тапты
Қызылорда облысында апатты мектептер мәселесі шешімін тапты
Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық ауылдық округінің тұрғындары елді мекенге жаңа мектептің қажеттігін жеткізіп, осы проблеманы назарға алуын сұрады. Аймақ басшысы апатты жағдайда деп танылған №223 мектепке жаңа ғимарат жыл соңына дейін салынатынын мәлімдеді. Жаңа білім ұясының жобасы әзірленіп, тиісті құжаттары рәсімделген. 300 орындық мектеп жоспар бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Жаңақорған ауданындағы Аққорған ауылдық округінде де жаңа мектеп бой көтереді. Бұл ауыл тіректі елді мекендердің тізіміне енген. Сондықтан тұрғындардың әлеуметтік ахуалына көп көңіл бөлініп отыр. Жаңа мектеп ғимаратымен қоса емхана құрылысы да жүргізілетін болады.
Биыл 101 жасқа толған Жүніс Қабетеновтің жаздың күні үйі өртеніп, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен жаңа баспана салынып берілген болатын. Ауданға жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері, Жүніс Қабетеновтің үйінде болып, қарияның жағдайын біліп, естеліктерін тыңдады.
Манап ауылындағы табиғи су қоймасына биыл 1,8 млн. текше метр су жиналған. Егер тоғанның айналасы қоршалса, 3 млн. текше метрге дейін су жинауға болады. Бұл өз кезегінде ауыл халқының бау-бақшасын суаруда тапшылық көрмеуіне септігін тигізер еді. Сондықтан облыс әкімі бұл мәселені де назарға алатынын жеткізді.
Дәл осы күні Жаңақорғандық жастар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды шара өткізді. Оған облыс әкімі қатысып, жаңақорғандықтарды мерекемен құттықтады.
“Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оған қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап қалу да оңай емес. Бұл – біздің парызымыз. Жаңа ғасырдың жаңа шақыруларына, өзгерістеріне ілесе жүріп, жаңашылдық таныту, білімділік көрсету керек. Сонда ғана өз мойнымыздағы жүкті еркін көтереміз, ата-баба армандаған еркіндігімізді баянды етеміз”, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы Шиелі ауданында да болып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Н.Бекежанов» атындағы мұражай жұмысын көріп, аудан тұрғындарымен кездесті.
Шиеліге қарасты Телікөл ауылдық округінда да биыл жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 300 орындық білім ұясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ескі ғимараты апатты деп танылған бұл мектеп мамыр айында іске қосылады. Сонымен қатар, елдіме кеннің ауыз су, жол мәселесі де түбегейлі шешімін тапқан. Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған аймақ басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Ақсақалдар ризашылығын айтып, ақ баталарын берді.
Ал облыс әкімінің жұмыс сапары бүгін өңірдің солтүстік аудандары Арал мен Қазалыда жалғасын табады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр