Сенатта «Құқықтық актілер туралы» заңға түзетулерді қарастырды

3 Наурыз, 2016 13:26
ҚР Парламент Сенатының конституциялық заңнамалар, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары бойынша кеңейтілген отырысында «Құқықтық акітілер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қарастырылды.

«Аталмыш заң жобасы өзіңде барлық құқықтық актіні біріктіреді және олар мемлекеттік органдармен енгізіледі. Сақталған Нормативтік құқықтық актілер туралы қолданыстағы заң жобасында: жүйелеу, иерархия, заңнамалық актілердің деңгейлерімен басқа да нормативтік-құқықтық актілер. Айтарлықтай қайта қарау ережесіне ұшырады. Олар бұрындары «Әкімшілік тәртіп туралы» Заңында болды. Біз жеке қолданылатын актiлер туралы айтып отырмыз. Тиісті заң жобасы жұмыс істеп тұрған заңнамалық актілерді негізгі заң жобасына сәйкес болуы керек»,-деп ҚР әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина заң жобасын түсіндіру барысында айтып өтті.

Заң жобалары жоғарғы палатаның кеңейтілген отырысында талқыланатын болады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар