• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Технологияны комерциализациялау» бағдарламасының аясында 65 жоба қолдау тапты

«Технологияны комерциализациялау» бағдарламасының аясында 65 жоба қолдау тапты

3 Наурыз, 2016 12:56
«Технологияны комерциализациялау» бағдарламасының аясында ғалымдар мен зертеушілердің жәрдемімен 65 жоба қолдау тапты. Оның 40 жобасы 900 млн. теңгенің дайын өнімін сатылымға шығаратындай деңгейге жетті. Бұл туралы «Технологияны комерциализациялау» жобасының өкілі Данияр Досқараев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру аясында комерциализациялау жүйесін дамыту мақсатында «Ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті комерциализациялау туралы» Заң қабылданған болатын. Заң жобасы  ғылым мен бизнестің байланысын, сатып алушыларға технологияның лицензиясы жеңілдікпен берілетіні және технологияны комерциализациялауда жаңа гран түрі ұсынылатыны қамтылған.

««Технологияны комерциализациялау» жобасының аясында ғалымдар мен зерттеушілерге олардың ғылыми зерттеулері мен комерциализациялау жұмысына жердем беру жағы қамтамасыз етілген.  Ғалымдардың үлкен және кіші топтарына екі грант бағдарламасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 65 жоба қолдау тапты. Оның 40 жобасы 900 млн. теңгенің дайын өнімді сатылымға шығаратындай деңгейге жетті»,-деді Д.Досқараев.

Сонымен қатар, «Ғылым қоры» АҚ президенті Амандық Төлешов Қазақстанда ғылымның 27 пайызы жеке сектор өндірісіне тиесілі екендігін мәлімдеді.

«Жалпы, біздің елдегі ғылымның 27 пайызы жеке сектор өндірісіне тиесілі. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш жоғарылап келеді. Себебі, біз Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына орай, ғылым саласын коммерцияландырып келеміз. Бұл өз кезегінде тиімділігін көрсететін болады», - деді ол.  

Амандық Төлешовтің айтуынша, дамыған елдерде зерттеу жұмыстарының жартысынан астамын жеке сектор қаржыландыратын көрінеді.

«Мәселен, ғылымға тартылған инвестиция көлемі Жапония мен Германияда 70 пайызды, Финляндия мен Швеция 65 пайызды, ал АҚШ-та 64 пайызды құрайды», - дейді ол.    

Жобаның негізгі күтілетін нәтижесі Ұлттық инновациялық жүйені қолдау жолымен ғылым мен өндірісті байланыстыру.   Технологияны комерциализациялау мен адами капиталдың мүмкіндігін арттыру арқылы ел экономикасын бәсекеге қабілетті етуге болады. Яғни, бұл саланы ойдағыдай жүзеге асырып, ғалымдар мен тығыз байланыста жұмыс жүргізілетін болса, ғылымды өндіріске енгізіп үлкен экономикалық жетістіктерге жетуге болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар