- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов: 2016 жылы республикалық бюджет түсімдері 7 трлн 364 млрд теңгеге жетеді
Б.Сұлтанов: 2016 жылы республикалық бюджет түсімдері 7 трлн 364 млрд теңгеге жетеді
«2016 жылға арналған республикалық бюджет түсімдерін 7 трлн 364 млрд теңге көлемінде анықтау немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда шамамен 421 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Бұл өзгеріс Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген және нысаналы трансферттер көлемін бағамдық қайта есептеуден және экономиканың даму көрсеткіштерінің өзгеруінен туындайтын кірістердің төмендеуінен қамтамасыз етіледі», - деп баяндады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 600 млрд теңге ұлғая отырып, 8 трлн 267 млрд теңге сомасында көзделіп отыр.
Айта кетейік, 2016 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамын нақтылауға байланысты және Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімін ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң қабылданды. Заң жобасында 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету көзделген. АҚШ долларының 360 теңгемен есептелу бағамы ескеріле отырып, 2016 жылға арналған кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 трлн 880 млрд теңге сомасында белгіленді.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті