Ислам даму банкі Қазақстанға техникалық көмек грантын береді

3 Наурыз, 2016 15:03
Джидда қаласындағы Ислам даму банкінің штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам баму банкі арасында азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы институционалды құрылымын алдын ала зерттеу үшін келісімге қол қою рәсімі өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының хабарлауынша, құжатқа Сауд Арабиясындағы Қазақстанның елшісі, ҚР тұрақты өкілі Бақыт Батырашев пен ИДБ-ң президенті Ахмад Мухаммад Али қол қойды.

Бүгінгі таңда осы жылдың 28-ші сәуірі күні азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Астанада өтетін Ислам ұйымы құрылтайшыларының сессиясына 24 ел қосылып отыр.

Барлық жаңалықтар