• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОСК саяси партиялардың БАҚ-та жариялаған материалдарының көлемін жария етті

ОСК саяси партиялардың БАҚ-та жариялаған материалдарының көлемін жария етті

3 Наурыз, 2016 12:07
Саяси партиялар штабтарының сайлауалды белсенділігінің түрлі деңгейін атап өту қажет. Мониторинг деректеріне сәйкес, үгіт науқаны басталғаннан БАҚ-та: 772 ақпараттық материал «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы, 526 материал ҚКХП-ның қызметі туралы, 559 материал «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы, 499 материал «Бірлік» СП-ның қызметі туралы, 485 материал ЖСДП-ның қызметі туралы, 513 материал «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы жарияланды.

“Сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы ақпараттық материалдардың көлеміне қатысты айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы материалдар республикалық баспа басылымдарындағы сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы материалдардың жалпы аумағының 22 %-ын алады. ҚКХП-ның қызметі туралы материалдар – 18 %, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы – 15 %, «Бірлік» СП-ның қызметі туралы – 14 %, ЖСДП-ның қызметі туралы – 17 %, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы – 14 %. Осындай көрініс республикалық теледидар- және радиоарналарының эфир уақытының мөлшерін, сондай-ақ неғұрлым танымал интернет-ресурстар материалдарының мөлшері мен көлемін бөлуге қатысты да байқалады”, - деді ОСК мүшесі Л.Сүлеймен.

Оның айтуынша, саяси партиялардың сайлауалды қызметін жария ету жөніндегі ақпараттық жұмыстан басқа, 2016 жылғы 20 ақпаннан БАҚ-та олардың сайлау қорларынан төленетін үгіт материалдары орналастырылады. Атап айтқанда, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2016 жылғы 20 ақпаннан сайлауға қатысушы барлық саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары жарияланды. Ақысы сайлау қорлары қаражатынан төленген үгіт материалдарының саны мен көлемі нақты бір партияның  сайлау қорын уақтылы құруға, толықтыруға және тиімді қолдануға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарына байланысты.  

“Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорының қаражатынан ақысы төленген үгіт материалдарын «Нұр Отан» партиясының сайлау штабы неғұрлым белсенді орналастыруда. Үгіт науқаны басталғаннан «Нұр Отан» партиясының осындай 590 үгіт материалы жарияланды және эфирге шықты, ҚКХП-ның 146 материалы, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның 166 материалы, «Бірлік» СП-ның 85 материалы, ЖСДП-ның 46 материалы, «Ауыл» ХДПП-ның 130 материалы”, - деді ол.

Жалпы, БАҚ партиялардың қызметін тең жағдайларда және салыстырмалы көлемде жария етуде деген тұжырым жасауға болады. Партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізу қамтамасыз етілуде, ал сайлаушылардың олардың бағдарламалары, мақсаттары және іс-шаралары туралы толық, сенімді және жедел ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар