- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ақышев: Ұлттық банк еркін ағымдағы айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады
Д.Ақышев: Ұлттық банк еркін ағымдағы айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады
«Ұлттық банк еркін ағымдағы айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бұл бір жағынан, алтын-валюта қорын сақтауға, екінші жағынан отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін нығайтуға мүмкіндік береді. Сыртқы тұрақсыздық жағдайында бұл саясат күрт девальвацияның болмауын қамтамасыз етуде, сондай-ақ Ұлттық банктің қатысуынсыз біртіндеп тұрақтылыққа қол жеткізуге ықпал етеді. Яғни, біз осы саясатты жүргізе бермекпіз, бірақ қаржы тұрақтылығына қауіп төнсе, айырбас бағамының күрт өсіміне жол бермеу қажет болған кезде Ұлттық банк жағдайға араласатын болады», - деп баяндады Д.Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы 2016 жылғы ақпан айындағы валюта нарығындағы жағдайға тоқталды.
«Сыртқы нарықтардағы тұрақсыз ахуал жағдайларында мемлекеттік бюджетті уақытында түзету және ақша-кредит саясатын еркін бағам белгілей отырып жүргізу шаралары экономикадағы теңгерімсіздіктерді жинақтамай, сыртқы күйзелістерге уақтылы жауап қатуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам