- Басты
- Жаңалықтар
- А.Стефански: EXPO-2017 Қазақстанның жаһандық экономикамен бірігуін тереңдетуге мүмкіндік береді
А.Стефански: EXPO-2017 Қазақстанның жаһандық экономикамен бірігуін тереңдетуге мүмкіндік береді
«Менің ойымша, әлімнің барлық елдерін шақырып, EXPO-2017 көрмесін өткізу - бұл Қазақстан Президентінің өте ақылмен ойлаған қадамы. Бұл елдің алға жылу имиджінің жарқын көрінісі. Жылдан-жылға әлемнің барлық елдеріне танылып келе жатқан Қазақстанның осындай үлкен көрме ұйымдастыруы өте дұрыс шешім деп есептеймін. Аталмыш көрме күмәнсіз елдің дамуына өзінің оң әсерін береді. Сондай-ақ, жаһандық экономикаға тереңірек бойлауына мүмкіндік береді. Қазақстан миллиард доллар инвестиция тартатын болады», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, көрмеде поляк мәдениеті мен жетістіктерін және Польша мен Қазақстан халқының тығыз байланысы көрсетіледі.
«Польша жасыл технология бойынша өте тәжірибелі. «Green Iva» поляк жобасының аясында біз оншақты компанияны экономикалық миссиямен жібердік. Олар қазір қазақстандық серіктестерімен жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар бізде жел және күн технологиялары бойынша үлкен жетістіктеріміз бар. Біз бұл жобаларымызды көрмеде көрсететін боламыз»,-деді ол.
А.Стефанскидің атап өтуінше, көрмені ұйымдастыру мен дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Көрменің өкілдерімен кездескенде, мен біздің Польшаның қатысуы бойынша ұйымдастырылған жұмыстармен танысып, көп дүниелерге көзімді жеткіздім. Ұйымдастыру жұмыстарына риза болдым. Менің сапарым көрмеге дайындықты жүргізуде сәтті болатынына сенімдімін»,-деп қортытты сөзін сауда өнеркәсіп палатасының директоры.
Индира Кауметова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері