- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық өндірістің тікұшақтары мен оптикалық аспаптары «KADEХ-2016» көрмесінде ұсынылмақ (ФОТО)
Қазақстандық өндірістің тікұшақтары мен оптикалық аспаптары «KADEХ-2016» көрмесінде ұсынылмақ (ФОТО)
Көрмеге қатысушылардың бірі ЕС-145 тікұшақтарын құрастыру мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны. «KADEХ» көрмесінде зауыт ұсынуды жоспарлап отырған көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажеры болмақ.
«Аталмыш жабдық пилотаждау және навигациямен байланысты барлық негізгі тапсырмалар бойынша ұшу құрамын оқыту және қайта даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді бастапқы оқыту нұсқаушысы Андрей Феофанов.
«KADEХ-2016» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының өнімге баға беретін келесі отандық кәсіпорын ол «Қазақстан ASELSAN инжиниринг». Зауыт түнгі және күндізгі көрудің электрондық-оптикалық аспаптарын, жылу визорларды, оптикалық көздеуіштерді, электрондық жазықтарды, тұрақтандырылған қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модуль мен инфрақызыл оптиканы шығарумен айналысады.
«Кәспорнымыз дәстүрлі түрде көрмеге қатысады. Осы жылы біз қазіргі сәтте шығарып жүрген өнімді, сондай-ақ авиониканы, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды көрсетеміз. Жауынгерлік модульдердің жаңа түрлерін ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деп «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Абиюр Алшымбаев атап өтті.
Дәстүрлі түрде «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әскери техниканы шығарумен айналысатын әлемнің әр елінен жиналған кәсіпорындардың басын қосады. Қазақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсетуге және оны әлемдік деңгейге шығарудың мүмкіндігі. Сонымен бірге бұл еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін де жаңа мүмкіндік. Демек, бұл дегеніміз Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету және өрістету деген сөз.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады