Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының делегациясы Сенатта болды

2 Наурыз, 2016 19:02
Сенат депутаттары Рашит Ахметов пен Сергей Плотников Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының делегациясымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Талқылаудың басты тақырыбы көп деңгейде басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесі болды. Парламентшілер меймандарды мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мен орталық және жергілікті деңгейдегі биліктің арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы хабардар етті. Кездесу барысында жүзеге асырылған әкімшілік реформаны қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаларға назар аударылды. Сенаторлар билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірлескен жобаларына қолдау білдірді.

 

Барлық жаңалықтар