• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Саданов: Қазақстандық ғылым ұлттық экономиканың әр түрлі саласының инновациялық бөлігі болуға ұмтылуда

А.Саданов: Қазақстандық ғылым ұлттық экономиканың әр түрлі саласының инновациялық бөлігі болуға ұмтылуда

2 Наурыз, 2016 18:46
Қазақстандық ғылым отандық экономика саласында түрлі салада инновациялық бөлік болуға талпынады, деп ҚР БҒМ ҒК «Микробиология және вирусология институты» РМК бас директоры Амангелді Саданов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанды 30 дамыған ел қатарына  енгізуге жетелейтін экономика өсімін тұрақтандыру» туралы айтқан болатын.Біз ішкі көздерді жеке инвестиция арқылы жеткізуіміз керек. Қазақстандық ғылым отандық өнімнің  инновациялық бөлігі болуы керек. Мәселен, біздің институт аграрлық-өндірістік кешеннің бірқатар  бағыты бойынша жұмыс істейді», - деді А.Саданов.

Айта кетейік, 2015 жылдың 30 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдаудағы жобаларды жүзеге асыруға 7,5 трлн теңге бөлінді.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар