• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Қарин: Әр елдегі менің әріптестерім Қазақстанның ерекше рөлін атап жүреді

Е.Қарин: Әр елдегі менің әріптестерім Қазақстанның ерекше рөлін атап жүреді

2 Наурыз, 2016 17:08
Біздің Елбасы заманауи заманның ең беделді саясаткерлерінің бірі. Оның ұстанымы мен беделінің нәтижесінде біздің елдің көптеген бастамалары жаһандық ауқымда тиімді жүзеге асып жатады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық ғылыми зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Мен өз жұмысымның парызы бойынша шетелдік әріптестеріммен, саяси ұйым өкілдері мен сарапшыларымен араласып тұрамын. Барлық әріптестерім Қазақстанның рөлі туралы айта жүреді. Еліміздің халықаралық қарым-қатынастағы рөлі мен өңірлік қауіпсіздікті қамтудағы үлесі тілге тиек етіледі. Біздің бұл жетістігіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі. Біздің Елбасы заманауи заманның ең беделді саясаткерлерінің бірі. Оның ұстанымы мен беделінің нәтижесінде  біздің елдің көптеген бастамалары  жаһандық ауқымда тиімді жүзеге асып жатады. Меніңше,Қазақстан қолданатын   тиімділіктің басты факторы бітімгершілік және көпір қызметі, оны Астана атқарып отыр. Бұл аталмыш үрдістегі біздің маңызды рөлімізді көрсетеді», - деді Е.Қарин.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚҒЗИ бастамасымен «Жаңа жаһандық жағдай: сынақтар, өңірлік тұрақтылық» атты халықаралық конференция өтті. Шараға АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Германия мен өзге елдердің сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды

 

Барлық жаңалықтар