• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Сәрсембаева: ҚР-да акцияның басталуы аясында 400-ден астам игі істер жасалатын болады

Р.Сәрсембаева: ҚР-да акцияның басталуы аясында 400-ден астам игі істер жасалатын болады

2 Наурыз, 2016 16:54
Қазақстандық әйелдердің күшімен 400-ден астам игі істер жасалатын болады. Осындай статистиканы бүгін бастама алған «25 игі іс» акциясы аясында жасау көзделген, деп Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

«Бүгінгі күннен бастап ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі  ұлттық комиссиясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай – «25 игі іс» атты акцияға бастама береді. Акцияның тек азаматтық сектор немесе мемлкеттік құрылымдарға ғана қатысты ғана болмай, барлық тұрғындарды қатыстырғымыз келді. «25 игі іс» барлық аймақтарда өтетін болады – олар 400-ден астам игі істер және оның барлығы әйелдердің күшімен жүргізілетін болады»,-деді ол.

Р.Сәрсембаеваның айтуынша, әрбір аймақта шараның жоспары әзірленген.

«Біздің ойымызша, республикалық деңгейде аз қамтылған отбасыдан шыққан балағаклассикалық ота жасау үшін жасалған  қайырымдылық шарасы мағыналы шара болады. Екіншіден – әкелік институтты көтеру керек деп есептейміз. Ол ұлттық комиссияяның отбасылық-демографиялық саясатының бір бағыты - ттбасылық тәрбиелеуде әкелердің рөлін арттыру мақсатында республикалық әкелердің кездесуін өткізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қақтығысында әйел адамдар өздерінің ойын айта білуі маңызды»,- деді Р.Сәрсембаева.

Барлық жаңалықтар