• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Жақсыбеков: Астананың жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 61 пайызға жетті

Ә.Жақсыбеков: Астананың жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 61 пайызға жетті

2 Наурыз, 2016 16:45
Астананың жалпы өңірлік өніміндегі ШОБ үлесі 61 пайызға жетті. Бұл туралы Астана қаласы кәсіпкерлерінің III конференциясы барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.

«Қазіргі таңда ШОБ үлесі Астананың жалпы өңірлік өнімінен 61 пайыздық орын алады. Бұл орташа республикалық көрсеткішті үш есеге ұлғаайтып отыр. Бізден кейін: БҚО – 38,8 пайыз, Алматы – 34 пайыз. Бұл орайда айтатыным, Президент елорданың әскер бөлімін басқа жерге орналастырумен Астана дамығанда айналыса бастады, Астана ШОБ дамуы нәтижесінде ілгерілеу керек деп айтқан болатын», - деді Ә.Жақсыбеков.

 «Біз Астанада «Даму» қорымен екі бағдарламаны іске қостық. Бұл – сауда саласын қаржыландыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарламаларға қызығушылық үлкен. Бүгінде бөлінген қаражат 100 пайыз игерілді. Үлкен сұранысқа орай біз қосымша әр бағдарламаға 300 млн теңге бөлу шешімін қабылдадық. Бұдан қоса, «Даму» қоры осы бағдарламаларға 600 млн теңге бөледі», -деді Ә.Жақсыбеков.

Оның айтуынша, бұдан бөлек, стартап жобаларды қолдау бойынша жаңа бағдарлама жасау жоспарланған.

«Бұл бағдарламаны «Даму» қорымен талқыладық, олар да қатысуға мүдделі. Қор қосымша 1 млрд теңге бөлуге дайын. Яғни, қазір біз 1 млрд, «Даму» қоры тағы 1 млрд теңге бөледі. Бұл бағдарлама табысты болса, жыл соңына дейін тағы 1 млрд теңге қарастырамыз. Бағдарламаның шарттары мен оны жүзеге асыру тәртібі әзірленіп жатыр», - деді Астана әкімі.

 

Барлық жаңалықтар