Қазақстанда мүлікті заңдастыру бойынша 79 мыңнан астам өтініш түсті

2 Наурыз, 2016 18:29
Қазақстанда 2016 жылдың 1 наурыз жағдайы бойынша 1 111,7 млрд теңгеге 79 198 өтініш келіп түсті, оның ішінде 828,2 млрд теңгесі заңдастырылды, деп ҚР қаржы министрлігі хабарлайды.

«ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша, комиссияда жергілікті атқару органдарымен мен мемлекеттік кіріс органдарына мүлікті заңдастыру бойынша  795,1 млрд теңге сомасына78 776 өтініш (декларация) түсті: 595,8 млрд теңге сомасына 66 084 тұрғын үй нысандары; 190,0 млрд теңге сомасында 33 830 кісі тұрмайтын нысандар, оның ішінде 130,8 млрд теңге сомасында 8 123 коммерциялық нысандар; 5,1 млрд теңге сомасында заңды тұлғалардың 28 мүдделері; 4,1 млрд теңге сомасында құнды қағаздар. 521,3 млрд теңге сомасында 66 036 нысан мен құнды қағаздар заңдастырылды»,-деп хабарландыруда айтылған.

Айта кетейік, ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша мемлекеттік кіріс органдарына мүлікті заңдастыру бойынша 1 200,0 млн теңге сомасында 44 өтініш түсті: 1 128,0 млн теңге сомасында 38 тұрғын үй нысаны; 8,3 млн теңге сомсында адам тұрмайтын 3 нысан, оның ішінде 6,1 млн теңге сомасында 2 коммерциялық нысан; 3,7 млн теңге сомасында заңды тұлғалардың 3 мүдделері; 60,0 млн теңге сомасында құнды қағаздар. 1 147,5 млн теңге сомасына 43 нысан мен құнды қағаз заңдастырылды.

ҚР ҰҚ есебі бойынша екінші деңгейлі банктермен 29.02.2016 жылдың жағдайы бойынша 450,8 млрд теңге жалпы сомасында ақшаны заңдастыру бойынша 433 шот ашылған. Оның ішінде:  80,9 млрд теңге 179 өтініш бойынша 2015 жылдың 30 қарашасына дейін; 234,5 млрд теңге мемлекеттік кіріс органдарына 199  декларацияны көрсетуде; 135,4 млрд теңге әлі декларацияланған жоқ. 305,7 млрд теңге соммасында ақша заңдастырылды. Оның ішінде: 80,9 млрд теңге 2015 жылдың 30 қарашасына дейін; 224,8 млрд теңге 177 декларация бойынша.

1-Н есебі бойынша 01.03.2016 жылдың жағдайы бойынша «Мүлікті жария ету үшін төлем» 206110 коды бойынша заңдастыру акциясының басынан бастап 3,2 млрд теңге түскен.

Естерінізге сала кетейік, қазақстанда заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. 

Барлық жаңалықтар