- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысандарын сүру шарасы қолданылатын болады
Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысандарын сүру шарасы қолданылатын болады
Жиында Алматы әкімі Б.Байбек Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін кешенді жұмыс атқарудың басында мынадай шаралар қолданылуы керектігін атады. Мәселен, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына өтетін жолды жабу; Әл-Фараби даңғылының жоғары жағынан үш қабаттан жоғары және биіктігі 12 метрден, ені 15 метрден артық болатын ғимарат құрылысын жүргізбеу туралы әкімдіктің қаулысы қабылданған. Бұл жерлерге заңсыз салынған құрылыс нысандарын сүру шаралары қолданылатын болады.
«Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, әуежайды дамыту, жұмыссыздар санын азайту, алматылықтардың тұрмыс деңгейін сақтау және қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қаралды»,-деп атап өтті Б.Байбек.
Аталмыш шаралар қаланың экологиялық әлеуетін арттыруға арналғанын атап өту керек. Алматы қаласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын талқылаған уақытта қаланың экологиялық жағдайына ерекше назар аударылды.
Еске сала кетейік, 16 ақпан күні Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша арнайы жиналыс болған еді. Онда 2015 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері қаралған болатын.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері