- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының Жарлығымен ресейлік ғарышкер С.Волков “Достық” орденімен марапатталды (ФОТО)
Елбасының Жарлығымен ресейлік ғарышкер С.Волков “Достық” орденімен марапатталды (ФОТО)
Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласының маңайына ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің қону аппараты қонды, Халықаралық ғарыш станциясынан жылдық экспедициядан соң, ерекше экипаж – олар «Союз ТМА-18М» орбитада жарты жылға жуық жұмыс істеген ресейлік ғарышкер Сергей Волков, сондай-ақ жылдық ғарыштық миссиясын орындаған ресейлік ғарышкер Михаил Корниенко мен американдық астронавт Скотт Келли Жерге аман-есен оралды.
С. Волков жер төңірегіндегі орбитаға құрамында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ұшқан экипаждың командирі болғанын естеріңізге саламыз.
М. Корниенко мен С. Келли жерге түскеннен кейін, Марсқа қонған сияқты қалыппен қону аппаратынан өздігінен шығатынын атап өткен жөн.
Қазақстан тарапынан қарсы алушы делегациясының арасында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей батыры, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасының авиация-генералы Талғат Мұсабаев пен Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов болды.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ғарыш экспедициясының мүшелерін қарсы алу кезінде Қазақстан мен Ресей халқы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Т. Мұсабаев Роскосмостың ғарышкері Сергей Волковты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы – 2-ші дәрежелі «Достық» («Дружба») орденімен марапаттады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары -
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды -
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)