• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да 225 білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

ШҚО-да 225 білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2 Наурыз, 2016 20:09
Шығыс Қазақстанда 2016 жылы «Жанару» бастамасы аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 149 білім беру нысаны мен 76 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлайды.

Жалпы 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млн теңгенің 229 әлеуметтік мақсаттағы нысандарға жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. 

Қаражатты бөлген кезде ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірінші кезекте білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының жағдайын жақсарту керектігін ескертті.

«141 мектеп, 5 колледж және 3 білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд теңге бөлінді. 772 млн теңгеге 57 отбасы-дәрігерлік амбулаторясы мен фельдшерлі-акушерлік орынға, 15 аурухана мен з емханаға  жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады»,-деп хабарландыруда айтылған.

Естерінізге сала кетейік, аймақта 2015 жылы 10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Ол облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы оңалту орталығы, Семей қаласындағы жедел жәрдем станциясы мен 7 ауылды дәрігерлік амбулатория.

Барлық жаңалықтар