• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда МЖӘ аясында 3 балабақша салынады және бір саябақ қайта жаңартылады

Алматыда МЖӘ аясында 3 балабақша салынады және бір саябақ қайта жаңартылады

3 Наурыз, 2016 08:56
Алматы қаласының әкімдігі мен «Хэмко» ЖШС, «Кумпулан Казахстан» ЖШС және «Карим» ЖШС арасында бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісім бойынша 3 балабақшаның құрылысы мен саябақты жаңарту жұмыстарын іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.

««Карим» ЖШС мен Алмалы ауданының арасындағы келісілген меморандум бойынша 2016-2017 жж. 150 орындық 2 балабақша құрылысын жүргізу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға қарастырылған инвестиция 440 млн. теңге», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, келісім бойынша «Хэмко» ЖШС Наурызбай ауданында 320 орындық балабақшаны пайдалануға беретін болады. Инвестиция көлемі 300 млн. теңге. Сондай-ақ, балабақшада 20 орын әлеуметтік әлсіз топтардың балаларына арналады.

Сондай-ақ, аталмыш компаниялармен келісілген меморандум бойынша 200 млн. теңгеге Алматыдағы Сәбит Мұқанов саябағы қайта жаңартылатын болады.

Барлық жаңалықтар