• Басты
  • Жаңалықтар
  • Есеп комитеті бақылау нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің 87,2 млрд теңгесін қалпына келтірді

Есеп комитеті бақылау нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің 87,2 млрд теңгесін қалпына келтірді

2 Наурыз, 2016 15:31
Есеп комитеті бақылау нәтижесінде бюджеттің 87,2 млрд теңгесін қалпына келтірді. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.

«24 ақпан күнi менi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Кездесу барысында мен президентке 2015 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылу қорытындысы туралы, мемлекетiмiздiң қаржылық жағдайы туралы есеп берiп, баяндама жасадым. 2015 жылы 2 трлн 800 млрд теңге бақылауға алынғанда 1 трлн 300 млн теңге заңсыз шығындалғаны белгілі болды, яғни, 2014 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Бiр бақылау объектiсiне шаққанда заң бұзушылықтар сомасы 4,3 млрд теңгеге жетіп, сәйкесiнше, ол да 3 есеге артты. 82,7 млрд теңге қалпына келтiрiлдi. Оның iшiнде республикалық бюджет кiрiсiне 2 млрд теңге қайтарылып, осы сома 5 есе артты», - дейдi Қ.Есiмұлы.

Оның айтуынша, бюджет заңнамасының бұзылуы салдарынан 619 млрд теңге шығындалды. Бұл барлық заң бұзушылықтың 50 пайызына жуықтағанын немесе 4,1 есеге артқанын көрсетедi. Ал сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заң бұзушылықтар 234 млрд теңге болды, яғни, 3 есе артты.

 

Барлық жаңалықтар