- Басты
- Жаңалықтар
- Байланыс институтының курсанттары командалық-штабтық оқу-жаттығуларда сыналды (ФОТО)
Байланыс институтының курсанттары командалық-штабтық оқу-жаттығуларда сыналды (ФОТО)
ӘШҚҚ әскерлерінің штаб бастығы полковник Серік Ысмайыловтың басшылық етуімен оқу-жаттығуға қатысушылар, яғни, 30-дан аса әскери қызметші бірқатар құжатпен танысып, толыққанды әзірленбеген графикалық және мәтіндік құжаттарды дайындады.
«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеке құрамы бүгінде Отанымыздың әуе шептерін күзету және қорғау жөніндегі тапсырмаларды абыроймен атқарып жүр. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыруда қомақты үлес қосуда.
«Бүгін біздің міндетіміз жауынгерлік құжаттарды жетілдіру мен әзірлеуде офицерлер құрамы және институт курсанттарының іс жүзіндегі білімдерін арттыру және нығайту болды», – деп полковник Серік Ысмайылов атап өтті.
Әскери қызметшілермен бірге курсанттарды оқу-жаттығуларға тарту болашақ офицерлерге ҚР ҚК-де әрі қарай қызмет атқару үшін құжаттарды әзірлеу жөнінде қажетті дағдыға ие бола отырып, аға буынның тәжірибесін үлгі етіп алуға мүмкіндік береді.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында айтқандай, мұндай командалық-штабтық оқу-жаттығулар жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жылы оқу-жаттығу жоспары 100 пайызға орындалды, сабақтар тиісті әдістемелік деңгейде өтті. Курсанттар жауынгерлік құжаттарды жоспарлау және әзірлеу бойынша теориялық және практикалық машықтарын жинақтады, институттың жеке құрамы тәжірибелерін бекітті және арттырды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе