• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы «Қытай – Қазақстан - Еуропа» бағыттары бойынша 95 мың контейнер өтеді

2016 жылы «Қытай – Қазақстан - Еуропа» бағыттары бойынша 95 мың контейнер өтеді

2 Наурыз, 2016 12:53
2016 жылы «Қытай – Қазақстан - Еуропа» бағыттары бойынша контейнерлер легін 95 мың контейнер құрайды. Бұл бұрын сонды болмаған, деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредитталған шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуінде айтты.

«2016 жылы Қазақстан «Жаһандық экономикалық интеграция кеңістігінде магистральді бағыт» атты көп векторлы, тұрақталған сыртқы саясаттың жұмысын жалғастырады. ЕАЭО-ның интеграциялық сыйымдылығы, «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдігі» атты Қатаймен бірге іске асырылған жобасы Еуразия хабында Қазақстанның маңызды бизнес-серіктестік ұстанымын нығайтады. Біз ШЫҰ-ның дамытуна белсене қатысамыз»,-деді Елбасы.

Н.Назарбаев транзиттік аумақта Қазақстанның рөлі көріне бастағандығын айтты. «Осылайша, 2015 жылы 2013 жылмен салысытыра қарағанда «Қытай – Қазақстан - Еуропа» бағыттары бойынша контейнерлердің саны 6 мыңнан 48 мыңға дейін өсті, ал 2016 жылы 95 мың клнтейнерді құрайтын болады. Бұл еліміздің саясатының инфрақұрылымы, Қазақстан арқылы Тынық мұхитында салынған темір жолдар, Ресейге Еуропа арқылы және Иран арқылы шығу,  Парсы шығанағы Ұлы Жібек жолының барлық кезеңдерін ашады»,-деді Президент.

Президенттің айтуынша, 2013 жылы осыф бағыт бойынша 77 пойыз өтсе, осы жылы 1100 пойыз өтеді деп күтілуде. Бұл санның көрсеткіші өсетін болады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар