- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2016 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд теңге бөлінетін болады
Ақтөбе облысында 2016 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд теңге бөлінетін болады
«Бизнестің жол картасы - 2020» бірегей бизнесті қолдау және дамыту басдарламасы аясында 2015 жылы 3,8 млрд. теңге бөлінген. Қаражат облыс аумағында индустриалды аумақ құруға, сонымен бірге, жеке кәсіпкерлік нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
“Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 2547 адам жұмыспен қамтылған, олар 39 әлеуметтік нысанды жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды, 454 ауыл тұрғынына 854,2 млн.теңге көлемінде несие берілді, 912 жұмыссыз жас азамат жастар тәжірибесіне жолдама алды”, - деді Рузия Айдашева.
Биыл «ЖҚЖК - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд.теңге бөлінді, оның 719,4 млн.теңгесі 14 білім нысанына, 3 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізге жұмсалады. Бұл қаражаттан өзге республикалық бюджеттен 32 әлеуметтік нысанды жөндеуге шамамен 1,5 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде.
“Ауыл аймақтардағы кәсіпкерлік бастамаларын шағын несиелендіру мақсатында 500 млн.теңге қарастырылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге біздің облыс шағын несиелендірудің пилоттық жобасына енгізіліп отыр. Оған сәйкес, шағын несие мөлшері 3 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылады”, - деді Айдашева БАҚ өкілдеріне.
Тұрғындарды оқыту және көшіруге ықпал ету үшін 661 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері