• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта экология және ғарыш қызметі мәселелері бойынша заң жобалары қаралды

Сенатта экология және ғарыш қызметі мәселелері бойынша заң жобалары қаралды

2 Наурыз, 2016 12:48
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымдақаралды.

Заң жобасы Қазақстан ратификациялаған Орхусс конвенциясына заңнаманы сәйкес келтіру және булану газдарын шығаруды реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Түзетулер Экологиялық және Салық кодекстеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін болды.

Талқылау барысында Сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріле отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жариялылықты және қабылданған шешімдерге халықтың қол жеткізуін арттыруға бағытталған түзетулер енгізу қажеттігі туындады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат беру мен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру көзделеді. Мемлекеттік органдар мен табиғатты пайдаланушыларға тиісті экологиялық ақпаратты Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына міндетті түрде беру туралы құқықтық актілерге талап енгізіледі.

Жоба бойынша міндетті түрде қоғамдық тыңдау өткізілетін экономикалық қызметтің саласы заң жүзінде белгіленді. Одан басқа терминологиялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі. Сенаторлар«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да талқылады.

Жер, Су, Экологиялық, Орман кодекстері мен басқа да заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулер ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану мен ғарыш қызметі және ғарыш технологиялары нәтижелерін тәжірибеге енгізудің құқықтық тетіктерін жасауға бағытталған.

Атап айтқанда, жер бетін, ормандарды, су нысандары мен жер қойнауын мемлекеттік мониторинг жүргізу барысында, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту және жою мақсатында Жерді қашықтан зондылау мәліметтерін пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде қамтамасыз етіледі.

Одан басқа, қабылданған ережелер есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ұйымдастырғанда мемлекеттік жер серігінің геодезиялық желісін пайдалану үшін жағдай жасайды.

«Жерді қашықтан зондылау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы», «Жоғары дәлдіктегі жер серігін бағдарлау жүйесінің ұлттық операторы», «Байланыстың ғарыш жүйесі ұлттық опреаторы» ұғымдарын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін «Ғарыш қызметі» заңына жаңа тарау енгізу ұсынылып отыр.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Барлық жаңалықтар