Бас Прокурор бейнеконференция режимінде азаматтарды қабылдады

2 Наурыз, 2016 15:18
Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Жеті арызданушының екеуі бейнеконференциялық байланыс арқылы қабылданды, деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Арыз берушілердің өтініштері азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығы мәселелеріне қатысты болды.

Бас Прокурор арызданушылардың шағымдарын тыңдаған соң келтірілген дәйектерді олардың өздерін қатыстыра отырып жан-жақты тексеруді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар