• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев барлық елдерді «Дін және бейбітшілік» атты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының форумына қатысуға шақырды (ФОТО)

Н.Назарбаев барлық елдерді «Дін және бейбітшілік» атты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының форумына қатысуға шақырды (ФОТО)

2 Наурыз, 2016 12:03
Осы жылдың мамыр айында біздің бастамамызбен БҰҰ Бас Ассамблеясы «Дін және бейбітшілік» атты тақырыпта жоғары деңгейде сұхбат өтеді. Осы форумға барлық елдерді қатысуға шақырамын. Барлығымыз бірыңғай дауыста терроризм, экстремизм, жаһандық зұлымдықты жабу үшін дінді пайдалануға қарыс тұруымыз керек, деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредитталған шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуінде айтты.

«Бүгін Таяу Шығыста барлық әлемнің тағдыры шешілуде. Сириядағы болып жатқан шиеленістер алыс аймақтың тыс жерлерінде теріс салдарын беруде. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері осыншалықты жер ауып келгендер мен қашқындар болған емес. Ислам мемлекетінде қарсы күресте халықаралық қауымдастық бірлігінің болмауы лаңкестердің қолына ойнатылып жатыр, сол себепті БҰҰ-ның ұранымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құруды ұсындым. Бұл қақтығыста барлық елдер бірыңғай болмаса, біз жетістікке қол жеткізе алмаймыз»,- деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Сириядағы атысты тоқтату бойынша  Ресей мен АҚШ арасындағы келісімді құптайды.

«Барлық тартылған елдерді қол жеткен келісімді орындауға шақырамын. Бұл жағдай көпмерзімді тұрақты саясатты реттеу үшін  көмектеседі»,-деді Н.Назарбаев.

«Осы жылдың мамыр айында біздің бастамамызбен БҰҰ Бас Ассамблеясы «Дін және бейбітшілік» атты тақырыпта жоғары деңгейде сұхбат өтеді. Осы форумға барлық елдерді қатысуға шақырамын. Барлығымыз бірыңғай дауыста терроризм, экстремизм, жаһандық зұлымдықты жабу үшін дінді пайдалануға қарыс тұруымыз керек»,- деді Елбасы.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар